Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.11.2024
96
Өмір — өзен
Бойынан қуанышы тарқамған,
Тағдырдың, сынағынан қорқама адам.
Жанының жан жарасын баса ала ма,
Өмірдің ауыр жүгін арқалаған.
Қиал менен шарладым, көк аспанды,
Ұнатамын, ел жұрт пен, сырласқанды.
Басыма қанша қиын, іс түссе де,
Қаламайды жүрегім, мұң басқанды.
Жандар едік, тереңнен жақұт терген,
Тағдырдың тауқыметін тартып көрген.
Қанша сынақ берсе де Алла маған,
Шаршамаймын, іздеймін, бақыт өрден.
Кездессе де, алдымнан қиын кезең,
Қорықпаймын, ағысқа қарсы жүзем.
Бес күн жалған, сынағын сыйласа да,
Тоқтатпасын ағысын өмір — өзен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter