Эсселер ✍️
Сүйікті қалам — Астанам
Менің ең сүйікті қалам ол — Астана қаласы. Астананың әр таңын, тыныс-тіршілігін барлығын да жақсы көремін. Астана менің туған жерім, Астанада туылғанымды мақтан етемін. Астананың қысы суық болғанымен онда тұратын тұрғындарының жүзі жылы, жаның жадырап сала береді. Астананың көрікті жерлері өте көп. Бір күнде барлық жерін аралап бола алмайсың. Әр жеріне барып, қызықтап, суретке түсудің өзі бір ғанибет. Адамға ерекше күй сыйлайды.
Осы азғантай уақытта Астанамыз көркейіп, бүкіл әлем Астанамызды тани бастады. Қазақстанның астанасы Астана қаласы деп, біздің астанамыздың атауы Астана екеніне таң қалысқандары да жоқ емес. Сарыарқаның төрінде, еліміздің жүрегінде орналасқан Астана қаласы еліміздің сүйікті қаласы. Бас қаласы. Мегаполис атанған қала, халқының саны миллионнан асқан біздің жас қаламыз. Жас қала деп қоям, уақыт зымырап өтіп жатыр, Астанамыздың тұрғызылғанына биыл міне 27 жыл боп қапты. Астанамен бірге туылған Астананың құрдастары 27 ге толып жатыр. Аз уақытта 30 орда бұзар жасқа да толады екен. Астананың 30 жылдығы ерекше болып өтетініне сенімдімін. Елу жылда ел жаңа деуші едік, бұл сөз Астана үшін айтылмағандай. Астанаға 30 жыл болмай-ақ бүкіл әлемді өзіне қаратып, таң қалдыруда. Ия, менің сүйікті қалам — Астанам! Жасай берші, жаса мәңгі бас қалам! Мен өзіңмен мақтанам, мен өзіңде бапталам!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter