Эсселер ✍️
Кентауым менің Кентауым
Кентауым менің Кентауым! Ия, мен Кентау қаласын жақсы көремін. Кентауымның әрбір жері, тыныс тіршілігі маған ыстық. Мен оның арайлы атар таңдарын сүйемін, қызарып бататын кештерін сүйемін. Жасыл-желек жайқалған бақтарын сүйемін, ең қызықты, жанды баурайтын шақтарын сүйемін. Тұрғындарының сыпайылығын сүйемін, өзге ұлттармен татулығын сүйемін!
Кентауым менің Кентауым! Жанымызды жадыратар жаздары бар, салқын самал есетін күздері бар, ақ ұлпа қары бетімізді өбетін қыстары бар, гүл жайнаған, жанымызды жасартатын көктемі бар. Бәрін, бәрін сүйемін, Кентауым саған бас иемін! Алыс кетсем өзіңнен сағынамын, қамығамын. Сағынамын, сағынышпен Кентауыммен қайтадан табысамын. Кентауымсыз күнім жоқ, өйткені ол туған жерім, кіндік қаным тамған жерім осы менің — Кентауым! Ақындары жырлаған, сазгерлері әуенімен тербеп, әншілері әнімен әлдилеген Кентауым! Жасай бер менің Кентауым! Жасай бер менің «Қаратау Тәжі» атанған Кентауым! Тек қана алға! Жақсы көрем, жақсы көрем! Сенімен мақтанамын, бір өзіңнен бақ табамын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter