Өлеңдер ✍️

  07.11.2024
  135


Автор: Қайрат Нұрболат Қайратұлы

Мұңая берме бекер.

Мұңая берме бекер,

Бәрі де өтер-кетер. 

Көз жасыңды сүртіп,

Қолымнан ұста жетер. 


Алыстап кетпе менен,

Саған ғана жаным сенем. 

Уайымдай берме босқа,

Жырақ кетпеймін сенен. 


Бір сөзің маған дем береді,

Күлгенің маған күш береді. 

Қуанып жүр тек мәңгі,

Бақытты болар күн келеді…


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу