Өлеңдер ✍️

  07.11.2024
  496


Автор: Қайрат Нұрболат Қайратұлы

Ағама (Бердиев Мұрат Оразбекұлы)

Ағатайым өмірдегі тірегім,


Сені әрқашан мақтан етіп жүремін. 

Мені нағыз азамат қып өсірген,

Тәрбиең мен сенің қатал мінезің. 


Ардақтаймын өзіңді мақтанышым,

Сен менің биігімсің, қорғанымсың. 

Көгіңде қалықтаған қыраның боп,

Биік ұшам сеніміңді ақтау үшін. 


Көңіліме нұр құйып, көзімді ашқан,

Ағам-ау ыстық жан жоқ сенен асқан. 

Ұғындырып өмірдің ақ-қарасын,

Ақыл айттың аялап сипап бастан. 


Ерекше даңқы биік менің ағам,

Өмірде орның бөлек Мұрат ағам. 

Ағатай әжім түсіп қартайсаң да,

Жаны жайсаң мінезің қала берсін

Жақсы көрем өзіңді Мұрат ағам. 



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу