Өлеңдер ✍️
ЖЫЛАМАСЫН СӘБИЛЕР
Бөле алмаспыз ананы баламенен,
Сондықтан аналарға баға берем.
Қалайша ұмытамыз дана сөзді,
Бауыр еті адамның бала деген.
Еске түссе болмайды көңіл-күйім,
Кім өлімге қияды жас сәбиін?
Жүрек шаншып, көзімнен жасым ақты,
Бала толы көргенде жетім үйін.
Япыр-ай көп болған ба, көкек ана?!
Баланың жүрегіне салған жара.
Анасын ол да ертең іздей мекен?!
Тағдырынан таяқ жеп өскен бала.
Түсінбедім бұл қандай қатыгездік?
Бала деген ұрпағың алтын кездік,
Іштен шыққан баланы тастанды ғып,
Періштеден бас тартып
неге бездік.
Қанша сәби жүрегін жаралаған,
Көздері жәутең қағып аналаған,
Нәпсінің құлы болған аналардың,
Сәбилері жетім үйін паналаған.
Біз оңай тыя алмаспыз сірә мұны,
Ар- ождан,абыройдың жоқ-ау құны.
Қоғам болып біз неге күреспейміз?
Аналардан іздемей кінәліні.
Бала әкелген өмірге анаға сын,
Қателікпен құласаң тұра аласың.
Сондықтан да аналар ойланыңдар,
Жетім қалып сәбилер жыламасын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter