Өлеңдер ✍️

  05.11.2024
  156


Автор: Омархан Алтынбекұлы

ПОЭЗИЯМЕН СЫРЛАСУ

 


Өмір — өлең


Жұлдызбен сырласқанда,
Ой бөліп түнгі аспанға.
О, өлең, сені іздедім,
Көңілді мұң басқанда.


Өзіңсің маған серік,
Шабытым болшы келіп.
Аралат жер әлемді,
Кетейін саған еріп.


О, өлең, қайда жүрсің?
Айтсаңшы маған бір сын.
Саз болшы *Шәмші* салған,
Әніме құлақ түрсін.


Жыр болшы Мұқаң жазған,
Іздейін Қарасаздан.
Аққу боп қалықташы,
Айдынға келіп қонған.


Өмірім сенсің, өлең,
Шабытым, саған сенем.
Күй болшы Нұрғисадай,
Жүйткісін көңіл дөнен.
Ой - өлең тоқтаса да,
Тоқтама, өмір - өлең.


Туған жер, таудың тасы,
Арудың тамған жасы.
Бұл менің поэзиям,
Тек мені тастамашы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу