Өлеңдер ✍️
ЖІГЕРЛЕНДІРУ
(Тама баба ұрпақтарына жолдау)
Сөз бастадым рухты бабаны аңсам,
Шықпайды деп ойлаймын сөзім жансақ.
Ұлы күші Таманың бірлігінде,
Сол бабаның ұрпағы біз бола алсақ.
Сөз сөйледім тілімді жаны барға,
«Тілім жебе болғанда сөз қорамсақ».
Ұсақталмай бауырлар бірігейік,
Атақ данқ, абыройды қумай мансап.
Ынтымағы жарасқан бауырларым,
Бабалардың сол жолын жалғай алсақ.
Кешегі Ғани, Үсен ағалардың,
Аманатын ел болып жолдай алсақ.
Өтіп кеткен өмірден терін төгіп,
Мұрат, Мақсат, Саятты жүрмін аңсап.
Бастамаға бәріміз ұйытқы болып,
Жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ.
Байдахмет, Тоқтардай ағалардың,
Ақылдарын санамен тыңдай алсақ.
Тама бидің билігін жалғастырған,
Жұмағали, Манатты қолдай алсақ.
Ұсақталмай бауырлар көтер басты,
Бабаларым көрсеткен бізге жол сап.
Ат салыс бауырларым мен де, сен де,
Араласқын додаға жеңбесең де.
Бір кірпіш боп бәріміз қаланайық,
Туын тіккен тұғырлы туған жерге.
Ерболсын, Марат, Еркін, Нұржан, Досым,
Еңбегі еленіп жүр туған елге.
Мұқтар мен Ерғалидай бауырларым,
Сүйреген туыстардың көшін өрге.
Орманбек, Мұқтар, Мақсат інілердің,
Қолдайық, қалдырмайық сөзін жерге.
Сүйсініп еңбегіне ұрпағының,
Бір аунап түскен шығар бабам көрде.
Жұмыла жұдырық боп қолдайықшы,
Күйттеген қара басын болмай пенде.
Жаны жомарт Бағдат бауырымдай,
Қолдап жібер бауырым бүгін сен де.
Шексіз алғыс айтамын қауымға мың,
Көтеріскен жүгімнің ауыр жағын.
Жұмыла көтерейік жүгімізді,
Ынтымағы жарасқан бауырларым!
Сәлемнен Тама бабаның ұрпағы, ақын, сазгер Омархан Алтынбекұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter