05.11.2024
  307


Автор: Жібек Ысқақова

Мейірімді Әке, қамқоршы,
Мейірімді Ана бақытың.
Қос бәйтерек екеуі,
Олармен зор уақытың!

***

Мейірім болса жүректе,
Құлпырады жаныңыз.
Жоқ болса егер мейірім,
Қурайды гүл бағыңыз.

***
Бір-біріне қамқоршы,
Мейірімді бауырлар.
Жұлып жейді бір-бірін,
Мейірімсіз қауымдар.

***

Мейірімнен жаралса жүрегіміз,
Күндей шуақ шашамыз үнемі біз.
Ағайындар, туған-туыс, достарменен,
Көп боларын бақыттың білеміз біз.

***

Мейірімді анамыздың жүрегі,
Баласына бар жақсыны тілейтін.
Мейірімді әкеміздің жүрегі,
Баласына адал өмір сүр дейтін.

***

Мейірім — қайнар бұлақтай,
Сусындатар жаныңды.
Ақ адал, аппақ пейілің,
Жандандырар бағыңды.

***

Мейірім барда жанасың,
Жұлдыз болып жарқырап.
Өзімшіл болсаң қаласың,
Әр шығынды талқылап...

***

Мейірім, бірлік, ынтымақ,
Сыйластыққа бастайды.
Осы үшеуі бір жүрсе,
Бақыт алыс қашпайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу