Өлеңдер ✍️

  03.11.2024
  285


Автор: Қайрат Нұрболат Қайратұлы

Құралайым.

Көңілім ағын көлдей сарқырайды,

Сүйгенім биіктерде жарқырқырайды. 

Сұлуым дауысыңнан айналайын,

Сен дегенде жүрегім жыр құрайды. 


Мен сені мақтағанда күлемісің,

Сен менің жүрегімнің бөлшегісің. 

Дауысың өзгелерден ерекше тым,

Сүйгенім сен соны білемісің. 


Сүйгенім болмысыңа тамсанамын,

Жүрегіммен Құралай деп ән саламын. 

Өзі ерекше Сұлу қыз кім десе егер,

Қызғаныштан Менікі деп жар саламын. 


Мінезіңмен жүрегімнен орын алдың,

Сол жүректің шетін емес төрін алдың. 


Жақсылығын ешкімге аямаған,

Нұрболаттың жүрегін саялаған. 

Сұлу қыз биіктерден көрінсін деп,

Бүкіл әлем өзіңді аялаған. 



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Бибінұр
Бибінұр 03.11.2024 14:46
Керемет шыққан өлең, өнерің өрлей берсін. Осындай адамды қолдау керек.

Пікір жазу