Эсселер ✍️

  28.10.2024
  33


Автор: Петропавл қаласы

Петропавл менің ең сүйікті қалам

Петропавл қаласы менің ең сүйікті қалам. Ол еліміздің солтүстігінде, Есіл өзенінің оң жағында орналасқан тарихы тереңге жайылған қалалардың бірі. Қалада өзге ұлттар өте көп деуге болады. Солардың ішіндегі ең көбі орыс ұлты. Дей тұрғанмен қазіргі таңда өзіміздің қандас қазағымыз да көптеп қоныстанып жатқан жайы бар. Әсіресе қазағымның жас отбасылары сүйікті қаламның төрінен орын алуда. «Қызылжар» атауымен кеңінен таралған Петропавл қаласы сонау құрылған кезінен-ақ экономикасы дамыған, сол кезеңдегі ең ірі қалалардың бірі болған. Петропавл қаласының атауы Петро және Павл деген орыстың балаларының атауынан шыққан деген сөз де бар. Кім біледі, қаланың тарихы тереңге жайылғандықтан қала жайлы қандай мәлімет болса да бізге аңыз-ертегідей көрінеді. Шыныменде Петропавл қаласы еліміздің дамуына жол ашып, елдің дамуына себепші болған қала десек те болады. Өйткені, қалада өнеркәсіптің түр-түрі дамып, қарқынды жұмыс жасаған. Қазіргі уақытта да сүйікті Қызылжарым(Петропавл) бұл қапқынды даму жүрісінен жаңылған емес.
«Менің сүйікті қалам» деп неге айтып отыр дейтін шығарсыздар, өйткені, бұл менің туған жерім, өмірге келіп, таза ауасын сезінген қалам. Мен қаламды жақсы көрем. Тек қана алға, менің сүйікті қалам — Петропавл... Қызылжарым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу