28.10.2024
  26


Автор: Петропавл қаласы

Петропавл туған жерім

Петропавл қаласы менің туған жерім. Мен туған жерім, өз қаламды қатты жақсы көремін. Петропавл қаласының тарихы тереңге жайылған Қызылжар атанған қала. Есіл бойының оң жақ жағалауында орналасқан қалам жайлы тарихта айтылар дүние өте көп. Сонау хан патшалығы кезден ақ патшалықтың көмегімен өнеркәсібі мен сауда саттығы дамыған Петропавл қаласы сол уақытта алыс жақын шет елдермен қарым-қатынасы мықты дамыған қала болған.
Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысының орталығы қарқынды дамушы қалалардың бірі. Қаламда орыс ұлттары көп болғанымен Қазағымның жеріндегі бұл қаламды мен қатты жақсы көремін. Болашағының жарқын болатынынына сенемін. Ертеңгі күні өскелең ұрпақтың осы Петропавл қаласын таңдап, қазақ ұлтының көбейетініне сенімім мол. Қалада өнеркісіп жағы жақсы дамыған, көлік шығару жағы тағы сол сияқты көп кәсіп түрлерін атап айтуға болады. Темір жол торабы, әуе жолы бар, өзен су жолы бар барлығы да Петропавл қаламды ерекше етіп көрсететіні анық. Петропавлды мақтан етем, менің ең сүйікті қалам, туған жерім. Алдағы уақытта Петропавл атауы қазақ тіліндегі атауға, яғни «Қызылжар» атауына өтіп, қазақ ұлтының саны көбейеді деп білем.
Қаламның мәдениеті мен әдебиетіне тоқталар болсам: Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстың қазақ сазды-драма театры,, Солтүстік Қазақстан облыстың қуыршақ театры, Солтүстік Қазақстан облыстық Н. Погодин атындағы орыс драма театры бар. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Облыстық бейнелеу өнері мұражайы, «Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешені, Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ тарихы мұражайы бар.
С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы, И. Шухов атындағы қалалық кітапханасы өз жұмыстарын қарқынды жасауда. Міне осы менің қаламның тынысы мен тіршілігі. Бұл жай бір ғана жағын жазғаным деп қабылдарсыздар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу