Шығармалар ✍️
Тағылымды тарих, Петропавл (Қызылжар)
Петропавл қаласы жайлы сөз ете бастасақ қаланың Қызылжар атауы да есімізге бірден түсетіні анық. Тағылымды тарих беттеріне үңілер болсақ (ғаламтордан), «Қаланың іргесі 1752 жылы патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатында әскери бекініс ретінде қаланған. Алғашында әскери форпост, кейіннен сібір татарларының (түркілердің) қаласы атанып, Ресейдің Солтүстік және Орталық Қазақстанды отарлау кезіндегі негізгі тірек пунктіне айналды. 1838 жылы Есіл округінің, 1868 жылы Ақмола облысының құрамына еніп, уездік қалаға айналды 1868 жылдан кейін Петропавл Сібір мен Түркістан сауда жолының бойында орналасуына байланысты Ресей мен Орта Азия хандықтарының және қазақ даласы арасындағы сауда қатынасының ірі орталығы болды. Мұндай ірі сауда орталығына айналуына Абылай сұлтанның Орынбор және Сібір губернаторларынан Қызылжарда (қазіргі Петропавл қаласында) ірі сауда орталығын ашуға рұқсат алуы болды. Петропавлдегі сауда айналымы жылдан жылға ұлғая түсті және орыс көпестері мен Орта жүз қазақтары арасында сауда-саттық жүрді. 18 ғасырдың соңында шағын елді мекеннен (форштадт) ірі сауда орталығына айналды» Міне, осындай кең көлемді тарих жазбаларына ие болған Петропавл қаласы сол кезеңдегі сауда саттығы қатты дамыған алыс жақын шет елдер арасындағы қарым-қатынасы жақсы дамыған қала болды. Патша өкіметінің сауда саттықтың дамуына деп созған көмегінің арқасында Патша өкіметі 1871 жылы ашып берген Қоғамдық банк шоты жақсы қолданысқа ие болып, кейіннен 1980 жылдары аталмыш банк «Мемлекеттік банк» болады.
«1849 жылы 7 май, 7 былғары, 4 сабын, 17 кірпіш зауыты, диірмендер, т.б. кәсіпорындар жұмыс істеді. 1912 жылы мұнда 600-ге жуық сауда мекемесі болды. Қаланың одан әрі дамуына Транссібір темір жолының салынуы үлкен әсер етті»
«19 ғасырда қала сауда және әкімшілік пункт ретінде дамыса, 20 ғасырдың басында ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптің басты орталықтарының бірі болды»
Міне, 18 ші ғасырда белсенді дамып және 19 ғасырдың бас жағы мен орта тұстарына дейін өз даму жолдарын жоғалтпаған Петропавл, Қызылжар қаласы бүгінде өз тіршілігімен өз істерін қарқынды жүргізіп, еліміздегі қалаларды алға бастап келе жатқан көне қалаларымыздың бірі...! Петропавл қаласымен мақтанамыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter