28.10.2024
  23


Автор: Петропавл қаласы

Петропавл қаласы, Қызылжарым

Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласының іргетасы 1752 жылы қаланған. Есіл өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан тарихы тереңге жайылған ежелгі қалалардың бірі. 1936 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының орталығы болып табылады. 221,6 км2 жерді қамтитын Петропавл қаласы 1807 жылы «қала» статусын алған.
2023 жылғы халық санағының нәтижесінде Петропавл қаласында 222 044 адамға жеткен. Ал қаладағы ұлттардың санағына қарасақ, Петропавлда орыс ұлтының өкілдері басымырақ, екінші орында қазақтар, үшінші орында татарлар, одан кейін украиндар, немістер, поляктар, әзірбайжандар болып тағы да басқа ұлт өкілдері бар. Ғаламтордағы мәліметтерге қарасақ Петропавл қаласын да көп ұлтты қала дей аламыз. Дей тұрғанмен қазіргі таңда еліміздің солтүстігінде орналасқан қалаларға Қазақтың жас отбасыларын көшіріп, үй жайы мен жұмысқа орналастырып жатқандарды көңілге қуаныш ұялатады. Бұл дегеніміз тағы да бір он жылдықта Солтүстікте орналасқан қалаларда Қазақ ұлтымыздың саны көбейіп, етегін кеңге жаяды деген сөз.
«Петропавл автомобиль, әуе, өзен және темір жолдарының ірі торабы. Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-батысындағы Есіл жазығының орманды-дала белдемінде, Есіл өзенінің оң жағасындағы «Қызылжар» деп аталатын ежелгі қазақ қонысының орнында орналасқан» Сондықтан, Петропавл қаласының кеңінен таралып, айтылып жүрген атауы осы «Қызылжар» Алдағы уақытта қаланың толық атауы қазақ тілінде «Қызылжар» болып өзгертілсе әрине өте қуанышты болар едік, солай емес пе?! Қазақтың қаласы, «Қызылжар» атауымен ұрпақтан ұрпақтарға жалғаса берсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу