Өлеңдер ✍️

  23.10.2024
  18


Автор: Петропавл қаласы

Петропавл Қызылжарым бұл менің

Петропавл, Қызылжарым бұл менің,
Солтүстіктің орталығы, қаласы.
Туған жерім, мекенім киелі жер,
Байтақ белі, Қазағымның даласы.

Петропавл, Қызылжарым бұл менің,
Өнеркәсіп дамыған алға бастап.
Менің қалам, менің далам Петропавл,
Мен өзіңді әрқашан жүрем мақтап.

Петропавл, Қызылжарым бұл менің,
Жақсы көрем өзіңді жүрегіммен.
Туған жердің ауасы ыстық, дәйім,
Екендігін ұғынам, білемін мен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу