Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.10.2024
31
Петропавл жанымның бөлшегісің
Петропавл жанымның бөлшегісің,
Сенде жүрсем бақыттың күйін кешем.
Өмірімнің мәнісің, сәні өзің,
Отаным сен, отбасым, үйім де сен!
Петропавл жанымның бөлшегісің,
Туған жерім, белімді буған жерім.
Жақсы көрем өзіңді Қызылжарым,
Бақытымды баянды қылған жерім.
Петропавл жанымның бөлшегісің,
Солтүстік Қазақстан орталығы.
Қызылжарым сен менің ғажабымсың,
Солтүстікпен бірлескен ортақ үні.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter