Эсселер ✍️

  21.10.2024
  42


Автор: Павлодар қаласы

Туған жерім Павлодар

Менің туған өлкем Павлодар қаласы. Мен өз туған қаламды жақсы көремін. Павлодар менің ең алғаш рет ауасымен тыныстап, ең алғаш рет тәй-тәй басқан қалам. Ата-анамның құшағында уайым-қайғысыз өскен қалам, бар қызықшылықты Павлодар қаласында кешкенмін. Мен туған жерімді қатты жақсы көрем. Туған жерім менің Павлодар қаласы еліміздің солтүстік шығысында орналасқан Павлодар облысының орталығы. Павлодар қаласының өткен күніне, яғни тарихына көз салар болсақ, сонау қимақ қағандығы дәуірінде өмір сүрген Имахия қаласының орнындағы қала. 1861 жылы қала мәртебесіне қол жеткізген Павлодарым 1938 жылдан бастап Павлодар облысының орталығына айналған қала. Павлодарымның өткен күні де, қазіргі күні де ерекше ғажайыпқа толы.
Ертістің жағасында орналасқан менің туған қаламда әуе жолы мен темір жолы және өзен айлағы қамтитын Павлодар қаласы шынымды айтсам өзіме тым ыстық көрінеді. Әрбір адамға өз туған жері ыстық көрінеді емес пе, сол сияқты маған да өз туған жерім ыстық. Туған жерім Павлодар қаласын қатты жақсы көрем, Павлодарымды мақтан етем...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу