Эсселер ✍️

Павлодарым бұл менің
Тарихы бар тереңнен үн қататын, Ертіс өзенінің бойында орналасқан. Павлодарым бұл менің қараңыздар, ауа райы керемет, көңілді аспан. Павлодар облысының орталығы, осы біздің қаламыз көпұлтты бұл, тұрғындары ғажайып, ынтымақты, Павлодарым бұл менің, көп тағы бойында сыр. Қимақтардың мекенінен орын тепкен, Қимақия қаласы осы жерде. Павлодар бұл тоғызыншы ғасырда тұрғызылған, қала атанған мың сегіз жүз алпыс бірінші жылы еді. Содан бері қаншама жылдар өтті, Павлодардың кеңейіп өскен жері. Өнеркәсібі дамыған, көліктер көп шығарар Павлодарым бұл менің. Көрікті жерлері көп, Абай атамыздың ескерткіші бар, Мәшхұр Жүсіп атамыздың атындағы мешіті бар Павлодарым бұл менің, барша ғалам қызығар. Өзен айлағы бар, әуе жолы тағы бар, пойыздың стансасы бар тағы, қазағымның кең байтақ даласы экономикасы дамыған, ата-баба даналығы дарыған, Павлодарым бұл менің іс жасайтын таңынан.
Міне, осы Павлодарым, көне қалам, тарихы тереңнен үн қататын, ақындарға жырлататын, әншілерге сыр қататын, адамдарға құмартатын. Сотүстіктің мекені, шығысында орналасқан, ертісі бар қасында, қалам осы қараңыз, барлық ғажап осында...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇