Шығармалар ✍️
Павлодар қаласының тарихы тереңде
Павлодар қаласының тарихы тереңнен үн қататын көпұлтты бай этносты қала болып табылады. Қаланың негізі Қимақ қағанаты кезеңінде пайда болған Имахия қаласы орналасқан дәуірде, яғни 1720 жылдары іргетасы қаланған тарихи қала. Содан 1861 ші жылдары «қала» мәртебесіне қол жеткізген Павлодар қаласы 1938 жылдан бері Павлодар облысының астанасы болып табылады. Осындай тарихы тереңге жайылған Павлодар қаласы біз үшін ыстық, ескінің көзіне айналған қала.
Павлодар қаласы Ертіс өзенінің солтүстік шығысын бойлай орналасқан жоғарыда айтып өткенімдей көпұлтты бай этносты қала.
Өнеркәсіп жағынан алдыңғы қатарда тұратын Павлодар қаласы "үлкен табиғи-ресурстық қор, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның болуы, жоғары ғылыми-техникалық әлеует, дамыған банк саласы, шағын және орта бизнестің серпінді дамуы, жоғары дәрежелі мамандардың болуы, Орталық Азия мен Сібір арасындағы рөлді байланыстыратын қазіргі заманғы көлік-коммуникациялық инфрақұрылым әр түрлі елдер мен континенттердің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің назарын аударады"
Ия, Павлодар қаласы киелі мекен. Себебі көненің көзін көрген тарихы тереңнен үн қататын, жер аумағы 633,3 км2 ты құратын, уақыт белдеуі UTS +5:00, 1923 ші жылғы санақ бойынша халқының саны 367 700 ні құраған қала болып табылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter