20.10.2024
  3


Автор: Павлодар қаласы

Құтты болсын Павлодардың күні бұл!

Құтты болсын Павлодардың күні бұл,
Замандастар, сыныптастар, достарым!
Бар жақсыны мен сендерге тілеймін,
Ашық болсын әрқашанда аспаның!.

Қиындықтар болмасыншы, тілерім,
Жаздай жайна, жарқырасын өмірің.
Павлодардай жайнай берсін қаламыз,
Биік болып оу достарым, көңілің!.

Сыныптастар, оу достарым жарқыра,.
Павлодардай гүл қаламыз барында.
Қала күні көңіліңді көтерсін,
Бүгін, ертең, бірсікүні тағы да...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу