Өлеңдер ✍️

  20.10.2024
  38


Автор: Павлодар қаласы

Сен дегенде жүрегім

Соғып кетер тыншымай,
Сен дегенде жүрегім.
Павлодарым сен менің,
Қорғанышым, тірегім.

Солтүстіктің қаласы,
Павлодарым сен менің.
Өзің барда Павлодар,
Төрт құбылам тең менің!

Еркесіндей Ертістің,
Павлодарым сырланар.
Саған ыстық сезімім,
Ән-жырың боп тыңдалар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу