Өлеңдер ✍️

  20.10.2024
  8


Автор: Павлодар қаласы

Облыстың орталығы, Павлодарым

Облыстың орталығы, Павлодарым,
Солтүстіктің ең сұлу ханшасындай.
Барлық ақын, әншілер өлеңдерін,
Жүретүғын қалама арнасып-ай!

Облыстың орталығы, Павлодарым,
Орналасқан Ертісімнің бойында.
Мен өзіңнен алыста жүрсем-дағы,
Әрқашанда боласың сен ойымда.

Облыстың орталығы, Павлодарым,
Туған жерім мекенім, жүрегімсің.
Солтүстіктің қаласы, аңыз далам,
Жақсы көрем өзіңді білемісің?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу