Өлеңдер ✍️

  20.10.2024
  182


Автор: Маржан Мұратханқызы

Махаббат

Жазығым не, өзiңдi сүйгенiм бе?


Махаббаттың отына күйгенiм бе?


Жүрегiңнiң жұрт ұқпас сырын ұғып, 


Ешкiмге айтпай iшiме түйгенiм бе? 


Жазығым не , өзіңді күткенім бе?


Күте жүріп жақсылыққа сенгенім бе?


Жанарым күліп , ішпей мұңайсамда


Жалғыз жүріп , қиындықты көнгенім бе ?


Сынақтардың  бәріне төзе отырып,


Бір күні ораласың деп сенгенім бе ?


Иә , оралдың ...


Көпкен күткен уақыттың келгені ме ?!


Бірақ ол күн ...


Бірақ ол кім ?


Мен сені бұрынғы адамымдай көрмедім бе ?


Неге ?


Неге оралдың ?


Жүрегімді келіп тағы жараладың !


Ұмыт дедің ....


Бірақ қайта келіп сезіміме от салдың !


Қаламадым!


Қаламаймын!


Жылататын сезімге оралмаймын !


Жүрегімнің есігін құлыптаймын !


 


18.10.2024ж


Авторы : Маржан Мұратханқызы.


 


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу