Өлеңдер ✍️

  19.10.2024
  42


Автор: Санат Досболатұлы

Жер бетінде адам барма...

Жер бетінде адам барма мұңы жоқ,


 


Мұңы бар ма құстардың да тілі жоқ.


 


Осы жайлы ойға батам кейде мен,


 


Кеудемдегі жүрегімді тіліп от.


 


 


 


Байларда да жетпей жатқан ақша бар,


 


Қайғырады тақта отырған патшалар.


 


Бір үзім нан таппай жүрген кедейде,


 


Кезін ойлар күндіз түні аш қалар.


 


 


 


Қуанғанның кезі болар жылаған,


 


Мықтынын да сәті болар құлаған.


 


Өмір бойы мұңсыз өткен жалғанда,


 


Айтыңдаршы болады ма бір адам.


 


 


 


Әр адамның бір мұңы бар басында,


 


Бәрі өтер уайымдама жасыма.


 


Қанша созсаң қолың жетпей тұратын,


 


Бір кем дүние деген осы расын да.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу