Өлеңдер ✍️

  17.10.2024
  115


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Эльбрус вальсі


Эльбрус вальсі
Ел асып алыстан,
Бастым мен жеріңді.
Көкте бұлт жарысқан,
Қарлы шың төрінде.

Шыңына көз тоймас,
Тасыдым шабыттан.
Құзға да құс қонбас, 2 рет
Құштарлық танытқан.

Эльбрус есімің,
Теңің жоқ әлемде.
Бабалар басқан жер,
Тектігің тереңде.

Шыңына көз тоймас,
Тасыдым шабыттан.
Құзға да құс қонбас, 2 рет
Құштарлық танытқан.

Шыңына көз тоймас,
Тасыдым шабыттан.
Құзға да құс қонбас, 2 рет
Құштарлық танытқан.

Айтбек Әліпов, 12 тамыз 2024 ж. Кавказ,
Ессентуки қаласы, Ресей.

Эльбрус – Еуропадағы ең биік тау.
Оның биіктігі 5642 метрге жетеді.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу