Шығармалар ✍️
Сүйікті қалам — Өскемен
Менің ең сүйікті қалам — Өскемен қаласы. Неге десеңіз, Өскемен қаласы менің туған жерім. Өскеменді қатты жақсы көремін. Туған жердің барлық жері ыстық емес пе? Ауасы да жаныңа жақын, саған бір дем беріп тұрғандай көрінеді. Өскеменім Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы. Яғни облыс орталығы болып табылады. Қаламыздың құрылған уақыты сонау бірінші Петр заманына тиесілі болса, қазіргі таңда Қазақстан қалаларының ішіндегі тарихы тереңге жайылған еліміздің шығысында сұлулана орналасқан қала. Жалпы айтқанда кім туған жері жайлы жаман айтады дейсіздер. Менің қаламның кемшіліктеріне қарағанда мақтана алатын жақсы жақтары көп деп білемін. Ертіс бойын жағалай орналасқан Өскемен қаласына келсеңіз жанға жайлы демалыс орындары мен көз тартатын әдемі жерлеріне куә боласыздар. Мен олардың егжей, тегжейін айтып отырмайын, бәрібір өз көздеріңізбен көргенге жетпейді.
Тағы да бір ерекшелік, қаламызда көлік жасайтын зауыт бар, көптеген көлік осы зауыттан шығады. Бұл менің туған жерімнің ерекше жетістіктерінің бірі дер ем.
Туған жерім Өскеменім жайлы қаншалықты айтсам да қалам жайлы айтылатын әңгіме таусылмайды, Өскеменімнен бір екі күнге алыстап шығып кетер болсам, қаламды сағынамын. Ия, бұл менің туған жерім, туған жерімді қатты жақсы көремін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter