Эсселер ✍️
Өскеменге келсеңіз
Еліміздің шығысында орналасқан Өскемен қаласысына келсеңіз, қаланың қайнап жатқан өмірі мен көз тартатын әдемі де көрікті жерлеріне куә боласыз. Қала жайлы сөз еткенде қаланың құрылған уақыты жайлы айтпай өту мүмкін емес. Өскемен қаласы 1939 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының орталығына айналған, ең бірінші Ертіс өзені мен Үлбі өзендерінің ұштасқан жерінде түсті металдарды өндіру үшін бекініс ретінде құрылған қала. Қазіргі таңда етегін кеңге жайып, сұлулана түскен Қазақстанның ірі қалаларының бірі де бірегейі.
Өскемен өндірісі дамыған қала деп сеніммен айта аламыз. «Машина жасау саласы «Востокмашзауыт» АҚ, «Азия Авто» АҚ, «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «Өскемен конденсатор зауыты» АҚ орналасқан. Олар тау шахталы және байытылған жабдық, мұнай және құбыр өткізгіш арматураны, автокөліктерді, конденсаторларды және т.б. шығарады.Химия өнеркәсібі «Ульбафторкомплекс» ЖШС», «Казцинкинтех» ЖШС, «Орика-Қазахстан» ЖАҚ ерітінді, күкірт қышқылын, жаңа технологиялар бойынша эмульсионды жарылғыш заттарды шығарады. Электрлік және жылу энергиясының өндірушілері «АЭС Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Өскемен АЭС ЖЭО», «АЭС Согралық ЖЭО» болып саналады»
Қарап отырсақ еліміздің екі үш қаласында ғана машина өндірісі дамыған екен. Сол қаланың бірі осы Өскемен қаласы. Расымен де ойлап қарасаңыз бұл дегеніміз Өскемен қаласының мықты екендігін көрсетеді. Өскемен қаласымен мақтана аламыз.
Сонымен қатар, қаладағы білім орындары мен мәдени орындары, демалыс орындары мен көздің жауын алатын көрікті жерлері өте көп.
Жалпы бір сөзбен айтқанда қалаға келсеңіз, келгеніңізге өкінбесіз дей алам.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter