Эсселер ✍️
Өскеменім бұл менің
Еліміздің шығысында сұлулана орналасқан, ең алғаш рет 1720 жылы Ертіс өзені мен Үлбі өзендерінің сағасында бекініс ретінде құрылған. Яғни, онда түрлі түсті металдар, алтынды барлау үшін бірінші Петр заманында құрылған деседі. Ал, 1939 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы болып табылады.
Облыс орталығы – Өскемен қаласы, оны көлік және сауда жолдарының торабында сәтті орналасуына байланысты «Таулы Алтайдың қақпасы» деп те атайды. Өскемен қаласының жаныңызды баурап алар көрікті жерлері өте көп.
Егерде Шығыс Қазақстан облысына сапарға аттансаңыз, бұл ғажайып қаланы да жоспардан тыс қалдырмаңыз жөн. Солардың кейбірін атап айтар болсам әсем табиғатымен баурап алатын сауықтыру орталықтары мен демалыс орындары тізім басында Алакөл демалыс орны, Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы облысының шекарасында орналасқан. Демалушылар үшін таптырмайтын орын дер ем. Міне менің шетелім, өзіміздің елде де шет елден асық табиғаты бар көрікті жерлері бар.
Сонмен бірге Қатонқарағай, ұлттық саябағы мен Риддер қаласында орналасқан тау шаңғы курорттары бар. Бұл тек Өскеменнің екі үш жерін ғана атап өткенім ғой. Ия бұл менің Өскеменім. Әрбір Қазақстандық тұрғындардың осылай мақтанышпен айтуға тұратын ғажайып қала.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter