09.10.2024
  46


Автор: Семей қаласы

Семей қаласы — Алаш даласы

Семей қаласының Алашорда автономиялы үкіметінің астанасы болғаны жайлы, шаһардың сол жағалауы 10 жыл бойы, Алаш қаласы атанғаны туралы бірі білсе, бірі білмес. .
«1917 жылдың 13 желтоқсанында Орынборда ІІ жалпықазақ құрылтай жиынында Алашорда ұлттық-территориялық автономиясының астанасы етіп «Алаш» қаласын белгілеу туралы шешім қабылданып, автономияның басшылығы Алаш қаласына 1918 жылдың наурыз айында көшіп келіп орналасты»
«Осы дата Семей қаласының ресми түрде астана болғанын көрсетеді» дейді ғаламтор деректері. Сол уақытта Алаш Орда үкіметін Орта Азия аймағындағы ең ықпалды, басты саяси күшке айналдырған қазақ халқының «Ұлттық саяси элитасы» Семейде шоғырланады. Сондықтан болар , Семей дегенде, Алаш арыстары бірден ойға оралады.
Алаш ұғымындағы рухтық, асқақтық, өрлік халық бұқарасын дүр сілкіндіріп, тарихи үрдістің жаңғыруы мен дамуын жеделдете түседі.
«Қазақтың аса көрнекті жазушысы, драматург Жүсіпбек Аймауытов: «Семей – бір губерния елдің миы. Ақыл-ойдың табысы Семейде. Семей – бір губерния елдің жүрегі. Семей бүлкілдесе, бір губерния ел бүлкілдейді.»деп әділ бағасын берген. Содан бері Семей – ұлт саясатының кіндігін кескен бірегей қала болып саналады».
Бұл Семей жайында ел аузында көп айтыла бермейтін деректер. Бұл деректер арқылы біз бұрыңғы Семей қаласының жай қала болмағандығын, өте мықты, ықпалды қала болғандығын біле аламыз.
Бір сөзбен айтқанда, Семей — Алаштың жүрегі. Семей жайында көптеген ақын-жазушылар үн қатып, үлкен жиындарда сөз сөйлеген.
1903 жылы іргетасы қаланған елімізде алғаш ашылған мұғалімдерді даярлайтын оқу ордасы, яғни алғаш рет ашылған еліміздегі Жоғары оқу орны. Қарашаңырақта заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов, алаш арысы, драматург Жүсіпбек Аймауытов, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтпаев, Әлкей Марғұлан, қазақ өнерінің шоқтығы биік тұлғасы,белгілі режиссер, актер Шәкен Айманов сынды ұлт зиялылары білім алып, ағартушылық, қайраткерлік, жазушылық, ғалымдық қадамдарын бастаған. Мұның өзі Семей қаласының елден ерекше қала екендігінің дәлелі деп білем. Бұдан бөлек қалада Семей өлкетану музейі мен көптеген ескерткіштер, мемориалдар бар. Киелі мекен жайлы айта берсек көп, бір сөзбен айтқанда Алты Алаштың басын қосқан киелі мекен деп ауыз толтырып айта аламыз...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу