Эсселер ✍️
Семейдің қаласының деректері
Семей қаласы жайлы деректерді ақтаратын болсақ: «1903 жылдың 23 қыркүйекінде Семей мұғалімдер семинариясының ашылуы болды. 1928 жылға дейін Семей губерниялық қала, одан кейін округтік болды; 1932 жылы республика облыстарға бөлінді, алғашқыда Семей Шығыс Қазақстан облысының орталығы болып, 1939 жылдан Семей облысының орталығы болды. Соғыс алдындағы жылдары қалада ірі өндіріс орындары салынды. Солтүстік бөлігі Семей қаласынан басталатын Түрксиб темір жолы еліміздің маңызды құрылысының бірі болды. Семейде бірінші 5 жылдықтың ірі құрылысы ет консерві комбинаты болды, ол еліміздегі тамақ өнеркәсібі жөніндегі қуатты өнеркісіптердің бірі болды. Қала мол өнімдік базасы бар ірі мал шаруашылық аймағының орталығы болды. Ет комбинатымен бір мезгілде ірі ұн комбинаты, жаңа техникамен жаңа тері зауыты салынып, ал 1938 жылы арнайы зертханасымен қой терісі зауытының құрылысы басталды. Сол кездегі ең жаңа техникамен жабдықталған судорем зауытының құрылысы да дами бастады. 1920 жылдың қазан айында қалада құрамында 15 адамы бар «Ес-Аймақ» театрлық труппа құрылды. Олардың арасында қазақ сахнасының көрнекті қайраткерлері – Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Жұмат Шанин, Жүсіпбек Елебековтер болды. 1934 жылы Семейде қазақ сазды-драмалық театр ұйымдастырылды. Театр 1934 жылдың 6 шілдесінде І.Жансүгіровтың «Кек» спектаклімен ашылды. Семей – тек Шығыс Қазақстандағы емес республикадағы мәдени, тарихи орталық болып саналады. Мұнда Абай және Ф.М.Достоевский мұражайлары, Қазақстан мен Батыс-Сібір өлкетану музейі, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы, кітапханалары бар. Қазақтың Абай атындағы сазды-драмалық және Ф.М.Достоевский атындағы орыс драмалық театрлары бар»
Міне, осындай тарихы бар Семей қаласын расыменде Ұлылардың мекені десек қата айтпағанымыз болар. Өйткені, жоғарыда айтқанымыздай, бұл киелі мекен Абай Құнанбаев атамыздың туған жері. Ұлы Абай атамыздың туған жеріне қыдырып бару барлық адамның арманы деп ойлаймын. Ия, дәл солай!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter