09.10.2024
  90


Автор: Семей қаласы

Семейден шыққан ұлылар

Семейден шыққан Ұлыларды еске алар болсақ олардың көптігі соншалық, барлығын жазу мүмкін болмай қалар. Дей тұрғанмен ең маңызды тұлғаларға тоқталып өткенді жөн санап отырмын.
Ең бірінші әрине Ұлы Абай атамыз жайлы жазумыз бұл шартты дүние деп білем. Абайдың туған жері, қолына қалам алып өлең жырларын, қара сөздерін жазған жері. Мұхтар Әуезов атамызды «Абай жолы» романын жазушы тұлға ретінде білетініміз анық. Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыз бар, Абай атамыздың шәкірті деседі. Міне осындай аты әлемге танымал ақын-жазушылары бар жерде осы тұлғалардың сынығындай болып осы киелі жерде туылудың өзі бір ғанибет десеңізші.
Сонымен қатар, Айтұлы Несіпбек, Алшынбаев Тұрдыбек, Динисламов Фатих, Кемелбаева Айгүл, Кенжеғұлова Нарбин, Қайран Әбубәкір, Мұқанова Роза сынды елдің қамын ойлайтын ақын-жазушылары бар киелі мекен.
Абай болып жырлайтын мекен, Мұхтар болып жазушылықты жалғайтын мекен, Шәкәрім боп өлең жазар ұлы тұлғаларымыз туған жер, Ринат Зайытов пен Сара Тоқтамысова шыққан айтыскер ақындардың мекені. Семеймен біз мақтанамыз. Семейді ойлап шаттанамыз. Семейден шыққан ұлылар көп, киелі жер деп жар саламыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу