Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.10.2024
215

Семейімнің ақ таңы
Семейімнің ақ таңы,
Жадыратар жанымды.
Көкжиектен күн шығар,
Нұрландырып таңымды.
Семейімнің даласы,
Көз тартады, тамаша.
Жан дүниең нұрланар,
Қалған кезде оңаша.
Семейімнің мекені,
Туған жері Ұлылар.
Абай, Мұхтар атаның,
Жазбасының құны бар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇