Өлеңдер ✍️

  09.10.2024
  8


Автор: Семей қаласы

Семейге сіз келсеңіз

Семейге сіз келсеңіз,
Ғажап күйге енесіз.
Көріктісін сезініп,
Бар қызығын көресіз.

Аспалы бар көпірі,
Тербетіліп тұратын.
Іштей сіздің боп жатқан,
Күйіңізді ұғатын.

Мұнаралы мешіті,
Бар тағы да мұражай.
Қаламыз бұл, Семейім,
Жаныңызды ұғады-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу