Өлеңдер ✍️

  09.10.2024
  9


Автор: Семей қаласы

Семейім бар көрікті

Семейім бар көрікті,
Әрбір жері әдемі.
Мұнаралы мешіті,
Қаламыздың сәні еді.

Ямыш атты қақпасы,
Көздің жауын алады.
Мұражайлар қаншама,
Көңілде ән боп қалады.

«Өлімнен де күшті» атты,
Мемориалы тағы бар.
Көпірі бар аспалы,
Семейім бұл, танып ал!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу