07.10.2024
  235


Қазақ халқының мәдени мұрасы: Болашақ ұрпақ үшін құндылықтардың маңызы

   Ұлттық құндылық – әрбір ұлттың болмысында  ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары.


Әр ұлт өз құндылығымен ерекшеленеді және деол құндылықтар мемлекет үшін өте маңызды.Алұлт бейнесіне өскелең ұрапақтың тікелей қатысты екендігі айдан анық.Деседе қазіргі жастардың өз ұлттық дүниелерін естен шығаруы белең алуда.Ана тілге деген құрметсіздік,тарихымызбен адамгершілік қағидаттарын сақтамау оның көрінісі бола алады.Ендеше оның себебі неде және ұлттық құндылық жастарға қалай әсер ете алады,мақала осы ақуалдардың шешімін табуға негізделеді.


Ұлы Абай «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: біріншісі – ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан» дейді.


Демек балаға әсер етуші үш фактор болатын болса,осы үш институт қазіргі таңда өскелең ұрпаққа қаншалықты жақсы әсер етуде соған тоқталсақ.


   Біріншіден,отбасы институтына байланысты.Осы тұрғыда Мағжан Жұмабаевтың “Ел боламын десең,бесігіңдітүзе деген сөзі есіме түседі. Түсіну керек дүние,ата-ананың мақсаты тек баланы материалдық жағдаймен ғана қамтамасыз ету емес,әрі рухани да байыта алған жөн.Себебі бәсекелестікке қабілетті жастарды тәрбиелеу үшін оларға өз тамыры мен ұлттық құндылықтарын бойына сіңіру шарт.Ал ол жұмыстар бала кезден басталу қажет.Дәл Абайды әжесі Зере кішкентайынан ертегілер мен тәрбиелік мәні бар әңгімелерді баяндап өсіргендей баланың тамырын бекем жасау керек.Үй тұрғызған кезде де іргетасын мықты қалауға тырысамыз,себебі болашақта үйіміз құламау үшін.Дәл сол секілді,әр ата-ана өз баласының іргетасын мықты және де болашақта болатын кедергілер мен киыншылықтарға төтеп бере алатын сапалы дүниені қалыптастырса бала дұрыс жолда өседі.Бұл дүние патриот жастарды қалыптастыруда мықты шешім бола алар еді.


   Екінші әсер етуші тарап ол-білім ошақтарына қарасты.Демек ата-анадан кейін балаға әсер етуші фактор ол-мұғалім.Осы тұрғыда,қазаққұндылықтарын дәріптеуге сай пән мұғалімдері,яғни,тарих,қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде қазақ халқының ұлы халық екенін және оқушылардың тектілердің ұрпақтары екендерін бойларына сіңіру олар үшін ұлтты жақсы көруге себеп болады.Осылайшатүсінікті,оқушылар өзіндік,ұлтқа деген сүйіспеншіліктің мықты базасын қалыптастырар едік.Сонымен қатар,білім ошақтарында қолданылуы тиіс бір механизм бар.Қазіргі таңда Білім Инновация лицейлері қолданып келе жатқан,әр айды белгілі бір құндылыққа негіздей отыра,оқушылардың дамуына әсер етеді.Мысалы,тазалық айында сыныпты таза ұстаудан жарыстар,еңбекқорлық айында әртүрлі жобалар мен сенбіліктер жасалады деген секілді.Мақсат-сәл де болса оқушылардың бойына құндылықтарды сіңіру.


   Үшіншіден,жастардың өз арасындағы болып жатқан дүниелер.Мына дүние түсінікті,яғни бала өз уақытының басым көпшілігін өз достарымен өткізеді.Абайдың даналығына сәйкес,балаға әсер етушілердің ішінде құрбысы болатын болса жастар бір-біріне әсер ете алуы қажет.Барлығымызға мәлім,21-ші ғасырда үлкен танымалдылық жинаған Instagram,TikTokбағдарламалары жастардың бойына батыстық мәдениеттің сіңісуіне себеп болды.Солплатформаларда туындаған “тренд , хайпсекілді Батыстан келген түсініктер қатты әсер етуде.Соның арқасында өз тілі мен діліне деген қанағатсыздық туындауда.Мысалы,қазақшасөйлеу ол сенің артта қалған адам екеніңді немесе қазақи нақышта киіну тек кәрі адамдарға тән деген секілді түсініктер пайда болды.Бұл дүние жастардың әлеуметтік желідегі азғырушылықтарға еруге әкеліп соғып жатыр.Осы тұрғыда біле аламыз,жастар өздеріне жеткізілген ақпаратқа еруде және де бір-біріне үгіт насихат жасай алады.Егер де жастардың арасында өз ұлтының құндылықтары мен маңызды дүниелерін бойына сіңдіре алған болса,өз арасында қазақша сөйлеуді немесе ұлттық нақышта киінуді трендке айналдырса жақсы әсер ете алар еді.Яғни,бір-біріне ұлттық құндылықтарды үгіт-насихат жасауы,олар үшін үлкен пайда болады.


Сонымен,Ұлы Абайдың айтқан даналығына сәйкес балаға әсер етуші үш фактор айтылды.Ендігі кезек оның орындалуында.Егерде сіз,біз болып жұмыла осы бір дүниеге ат салыссақ,болашақта бәсекелестікке қабілетті жастарды дайындап шығар ма едік?!



Жарылқап Өркен




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу