06.10.2024
  15


Автор: Арман Тосқанбаев

АРО үшбұрышы

 


Кайдзен-клубының жиыны мен үшін өте пайдалы болды. Бизнеске қатысты көп инсайт алатын шығармын деп ойлап едім, алайда қарым-қатынасқа қатысты да көптеген сабақтар мен инсайттар алдым. Достарды айтпағанда, тіпті жұбайыммен, балаларыммен, ата-анаммен толыққанды ашылып сөйлеспейтінім уайымға айналған еді. Мен мұнда сан түрлі қарым-қатынастың куәсі болған, тіпті, немеренің қызығын көріп отырған біраз адамды кездестірдім. Енді бұл салаға тереңірек бойласам деймін, өйткені, бұл болашаққа жасалған инвестиция іспетті. Қартайған шағымда болмашы нәрселерге жүйкемді құртпай, бейнеттің зейнетін көріп, бақытты ғұмыр кешкім келеді, сол себепті қазірден бастап дұрыс қарым-қатынас қалыптастыруды қолға алмақпын.


"АРО үшбұрышы" деген құралмен бөліссем деймін. Бұл үшбұрыш кез келген адаммен қалай дұрыс қарым-қатынас қалыптастыруға болатынын көрсетеді. Үшбұрыштың үш жағы бар: Аффинити (Бауыр басушылық, Махаббат, Жанашырлық), Шынайы өмір (Жалпы түсінік, Ортақ тәжірибе) және Қарым-қатынас. Сіз осы үш салаға күш салған сайын үшбұрышыңыз ұлғайып, бір-біріңізді жақсы түсіне бастайсыз. Мен бұл үш саланың қай-қайсысын болса да, жиі пайдаланбайтынымды байқаймын, сондықтан өзіммен көбірек жұмыс жасауым керек.


Бұл құралдың сіздерге де пайдасы тиер деген үмітпен бөлісіп отырмын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу