Эсселер ✍️

  03.10.2024
  50


Автор: Қостанай қаласы

Қостанайым бұл менің

Жазиралы кең даласы бар, тәрбиелі, патриот баласы бар Қостанайым бұл менің, Қостанайдай қаласы бар. Табиғаты тамаша көз тартатын, жақсы деген ғажайып сөз тартатын, Қостанайым бұл менің нәзік жан тербетер, бір өзіне барлығын қарататын. Қостанайым бұл мықты қалам, сенде тудым, өстім мен деп қуанам. Ауасы бар жанға жайлы, даласы бар. Барша адамға бұл қалам тек ұнаған. Ресеймен шекаралас даласы бар, қазақтан туған патриот баласы бар. Қостанайым бұл менің Қостанайым, экономикалық, кәсіптік саласы бар. Айта берсем қалам жайлы сөз таусылмас, бұл менің қалам, бұл менің далам жақсы көрем. Сен үшін қалам, сен үшін далам — Қостанайым, қолымдағы білсеңіз барымды берем.
Қостанай жайлы сөз жазсам, өлең болып өріліп кетер, бұл жүрегім дүрсілімен бар жпныменен беріліп кетер. Туған жердің әсері мықты, жанымызды ететін күшті, бауыр басамын әр күні сайын күнінен бетер.
Тағы да не дейін Қостанайым жайлы, қармайды жаным аспанда айды, жайқалтып жайды. Қостанай жайлы сөз етсем менің, бұл жаным толқып, етеді мына күйімді жайлы.
Туған жердің аты әрдайым туған жер, Қостанайым сол туған жерім жанымды менің тербейтін. Қостанайым мен өзіңмен ғана мақтанам, мекенім өзің өзіңнен ғажап бақ табам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу