Эсселер ✍️

  03.10.2024
  5


Автор: Қостанай қаласы

Қостанайым бұл менің

Мен Қостанай қаласында туылған, Қостанайдың тумасымын. Осы қалада туылып, осы қаланың ауасымен тыныстап, қаламен бірге өсіп жатқаныма өте қуаныштымын. Қаламызда көптеген кәсіпорындар мен білім беретін орындар заман талабына сай мекемелер жұмыс жасайды.
Деректер бойынша қалада 30- дан аса ірі кәсіпорын, т.б. бірлестік жұмыс істейді. Қалада Солтүстік Қазақстанның геология басқармасы мен оның орталық лабораториясы, А. Байтұрсынов атындағы мемлекеттік педогогика университеті, ауыл шаруашылық институты, мемлекеттік ауыл шаруашылық және егіншілік жобалау институттарының, су құрылысын жобалау институтының бөлімшелері, кооперативтік, автомобиль, құрылыс колледждері, 2 қалалық кәсіптік-тех., мед. мекемелері, облыстық тарихи және геология музейі, гидрометеорологиялық бюро, 59 мектеп, 2 мәдениет үйі, облыстық драма театр, филармония, 13 кітапхана жұмыс істейді. Денсаулық сақтау және сауықтыру мекемелерінен 12 ауруханасы бар.
Ал көлік қатынасының жағдайын айтар болсам, Халықаралық әуежайы мен темір жолы бар еліміздің әр қаласымен қатынасы оңай орнайтын қала дей аламын.
Осындай экономикалық жағдайы жоғары деңгейде, қазіргі заман талабына сай қалада туылғанымды мақтан етемін. Әр адам өз туған жерін жақсы көріп, туған жерін сүюі бұл қалыпты жағдай деп ойлаймын. Дей тұрғанмен Қостанай қаласының тыныш тіршілігі басқа қалаларға қарағанда ерекше ғой, солай емес пе?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу