Эсселер ✍️

  03.10.2024
  40


Автор: Қостанай қаласы

Қостанай қаласы

Қостанай қаласы бұрынғы тарихына ден қояр болсақ 1878 жылдан бастап 1905 жылға дейін «Николаевск» деп атылып, ал 1997 жылға дейін «Кустанай» деген атауға ие болған. Кейіннен ғана атауы қазақ тілінде аталған Қостанай атауы — негізі ежелден қалыптасқан жер атауы болып табылады.
Тарих беттеріне Қостанай Орынбор және Торғай облыстары губернаторының жоспарында Ордабай қаласы деп көрсетілсе, 1879 жылдан бастап Қостанай деп аталады делінген. 1893 жылы қаланың аты Ново-Николаевск болып өзгертілген. 1895 жылы Қостанай атауы қайтарылып, 1997 жылғы 17 маусымда Қазақстан Президентінің Жарлығымен орыс тіліндегі «Кустанай» атауының транскрипциясы «Костанай», ал «Кустанайская область» — «Костанайская» деп өзгертілген қала Қостанай облысының орталығы болып саналады.
Қарап отырсақ әр қаланың қалыптасқан өзіндік тарихы бар. Қаншама уақыт қаланың атауы орыс тілінде аталып, қаланың халқы орыс тілді болып, білім берер мекемелер мен аурухана қызметкерлері орыс тілінде сөйлесе әрине мұның бәрі жанымызға бататыны анық. Дей тұрғанмен Қостанай қаласының қазақ тіліндегі төл атауы қалаға қайтарылғаны Қазақ елінің үлкен қуанышы дер едім. Қандай болмасын Қостанай қаласы Қазақстан елінің 2 ғасырдан астам уақыт бұрын тұрғызылған қаласы болып табылады. Яғни қазақтың қаласы, қазақтың даласы. Өз елінде жүріп, өз жерінде жүріп қазақ тілін білмеу, қазақ тілін құрметтемеу ұлттығымызға сын деймін.
Тарихи жазбаларға қарайтын болсақ, Ақселеу Сейдімбек жазушымыздың «Күмбір-күмбір күмбездер» кітабында Асан-қайғы есімін осы өңірмен байланыстырады. Торғайдың шығыс бөлігінде орналасқан Ұлытаудың басында Асан-атаның бәйбішесі Тана-әже жерленген. Оның басындағы ескерткішті халық Ақ мешіт деп атайды. Автор Қостанай қаласының аталуын да осы Тана-әженің құрметіне койылған Тана және Танай деген есімге ие болған егіз қыздың есіміне қатысты қойылған деп жазады.
«Тана» мен «Танай» атты егіз қыздың құрметіне «Қос+Танай» атауына ие болған қаланың Қостанай аты Қазақтың екі бірдей, қос сұлу қызының құрметіне қойылған көрінеді. Білгенге маржан, бұл атаудың шығу тарихын біліп жүру бізге керек деген ойдамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу