Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.10.2024
114
Қостанайым сен барда
Қостанайым сен барда,
Мұңаймайды көңілім.
Сенде жүрсем ғажайып,
Гүл жайнайды өмірім!.
Қостанайым сен барда,
Еселенер шаттығым.
Әр күн сайын жалғанар,
Бал шекердей тәтті күн!
Қостанайым сен барда,
Сезем өмір ғажабын.
Өзіңменен кұн сайын,
Тарқамайды базарым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter