Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.10.2024
47
Қостанайым мекенім
Қостанайым мекенім, жарығымсың,
Жақыным деп өзіңді таныдым шын.
Сенде туған менде бұл арман бар ма,
Оттай болып жанатын жалынмсың!
Қостанайым мекенім, бақытымсың,
Сенде жүрсем қызықты уақытым шын.
Алты, күміс, бағалым баға жетпес,
Жарқыраған жұлдыздай жақұтымсың!
Қостанайым мекенім, таң нұрымсың,
Бір өзіңде туылдым, тағдырымсың.
Мені әркез жүрекпен түсінетін,
Қостанайым сен менің жан сырымсың!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter