Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.10.2024
54
Қостанайым жүрегім
Қостанайым жүрегім,
Қадіріңді білемін.
Қанша алыс жүрсем де,
Өзіңді ойлап жүремін.
Қостанайым жүрегім,
Бір өзіңсің тірегім.
Сеніменен шаттана,
Өзіңмекен күлемін...
Қостанайым жүрегім,
Сен деп өмір сүремін.
Бақытымның базары,
Бір өзің деп білемін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter