Эсселер ✍️

  27.09.2024
  64


Автор: Талдықорған қаласы

Жер жәннәты — Жетісу, Талдықорған қаласы

Әрбір әнге теңеу болған Жер жәннәты — Жетісу жері бүгінде Жетісу облысы деген атқа ие болса, облыстың орталығы Талдықорған қаласы. Талдықорған деп атауы айтып тұрғандай, қалада талдар мен ағаштар жасыл-желек өте көп. Ауасы таза, жан сарайыңды ашады десек қате айтпағанымыз болар. Талдықорған қаласының бұрынғы атауы Гавриловка болса, бұл бірден қала болып құрылмаған, алдымен Гавриловка ауылы болып 1969 жылы құрылса, 1920 жылдары ауыл атауы «Талды-Қорған» болып ауысады. 1944 жылға дейін статусы ауыл болып орналасқан «Талды-Қорған» аталмыш жылы ғана «қала» деген статусқа ие болады. Ал 1993 жылы «Талдықорған» болып қаланың атауы тұтастай айтылатын болып өзгертіледі.
Ел ішінде «Талдықорған – таза қала» деген ұғым бар. Табиғаты көркем сұлу мекенді солай айтса да жарасады, солай ғой. Таза қаланы таза қып ұстау қала тұрғындарының қолында. Қаладағы тәртіп пен тәрбиенің де зор үлесі бар. Ойлап қараңызшы, қалада тәртіп пен тәрбие болмаса, жол ережелері сақталмаса адам өміріне қауіп төніп қана қойылмайды, қаланың іші мен сырты барлығы ластанып, қаланың тынысы тарылады, ауасы ластанады, ауру пайда болады. Міне, осы жағдайдың барлығын болдырмас үшін адамдар арасындағы татулық пен тәртіп, тәрбие керек екен. Тәртіп пен тәрбие, ынтымақ пен бірлік барда қаланың тынышы бұзылмайтынына сенімдімін. Әр адам өз айналасын, өзінің жүрген жерін таза ұстаса қаланың іші де, сырты да таза болатыны анық. Сондықтан Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары өзара тату болып, бір-біріне сыйластықпен үн қата білсе, біздің қашамыздың болашағы жарқын, ауасы таза болары анық...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу