27.09.2024
  44


Автор: Талдықорған қаласы

Талдықорған даласы

Талдықорған қаласы жайлы айтар болсақ, Алматы қаласынан 271 километр қашықтықта орналасқан. Қаланың нақты қай жылы іргетасы қаланғаны туралы ақпар жоқ. Дей тұрғанмен археологтардың мәліметінше біздің заменымыздан 3 мың жыл бұрын қала аумағында өмір сүрген адамдардың сүйектері табылған.
Ал ресми ақпарат көздеріне сүйенер болсақ, бұл жерде 1869 жылы Гавриловка ауылы бой көтерген. Сол уақыттағы қаланың алғашқы тұрғындары «Казактар» болған деседі. Гавриловка ауылы сол кезіңде сол аймақтың орталығына айналған ауыл. Содан 1920 жылы ауылдың атауы Талды-Қорған болып өзгертілсе, қала мәртебесін 1944 жылы ғана алған. Ал 1993 жылы «Талды-Қорған» қаласы «Талдықорған» деген біртұтас атқа ие болған.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың алдында Гавриловка селосында 586 үй, 4600 тұрғын болған және  1 шіркеу, 1 мұсылмандар намаз оқитын үй, ауылдық басқарма, 6 ұстахана болыпты.1944ж. наурыз айында  Талды-Қорған  облысы құрылып, Талды-Қорған  қаласы оның орталығы болды. Жаңа облыс орталығында 2 бастауыш, 2 жеті жылдық, 1 орта мектеп, 1 мәдениет үйі, 1 кинотеатр, 4 шағын сауда дүкені, 1 асхана, 1 аурухана, 50 орындық балабақша болған. (ғаламтордан алынды)
Талдықорған қаласы қазіргі таңда Жетісу облысысының орталығы. Жетісу жерінен көп атақты тұлғалардың шыққанын білесіздер, атап айтқанда: Балпық би Дербісәліұлы, Ескелді би Жылгелдіұлы, Қарасай Алтынайұлы, Наурызбай Құтпанбетұлы, Сара Тастанбекқызы, Қадырғали Қосымұлы Жалайыри, Тезек төре және Бөлтірік шешен, қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Ілияс Жансүгіров, актер Ыдырыс Ноғайбаев, елге танымал композиторлар Нұрғиса Тілендиев, Құдыс Қожамияров сияқты танымал тұлғалар өмірге келген.
Міне, осындай тарихы бар Талдықорған даласы қазіргі таңда Жетісу облысысының орталық қаласына айналған дамушы қалалардың бірі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу