Эсселер ✍️

  27.09.2024
  37


Автор: Талдықорған қаласы

Талдықорған менің сүйікті қалам

Талдықорған менің сүйікті қалам, өйткені Талдықорған қаласында туылығанмын, қала үшін алаңдап, уайымдап отыратын адамдардың бірімін. Қаланың тыныс-тіршілігіне қанық болып, әдемі ауа-райымен тыныстап өскен жанмын. Әр адам өз туған жерін жақсы көреді емес пе, мен үшін де Талдықорған қаласы ең басты қала болып табылады. Қаланың бұрынғы атауы «Гавриловка» болып табылады. Ғаламтордағы бұрынғы деректерге сүйенсек Гавриловка қаласы шамамен 1889 жылдары тұрғызылып, сол аймақтық орталығына айналған қала сол кезден-ақ қала статусын алмаса да бікке өрлеп, қандай жағдай болмасын алға қадам баса білген қала. 1920 жылдары «Талды-Қорған» атауын ресми түрде алған Талдықорған қаласы 1944 жылы қала атауына иеленіп, 1993 жылы «Талдықорған» болып өзгертіледі.
Еліміздің оңтүстік шығысында орналасқан Талдықорған қаласы қазіргі Жетісу облысының орталығы болып табылады.
Осындай тарихы бар менің туған мекенім, менің сүйікті қалам әрқашанда мен үшін қымбат, бағасы жоқ құнды бағалы. Расыменде, қаладан сәл алыстап шықсам Талдықорғанымды сағынып тұрамын, өз туған қалама қайтқым келіп тұрады. Өйткені, әр адамға туған жердің топырағы ерекше құнды ғой, солай емес пе?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу