27.09.2024
  38


Автор: Талдықорған қаласы

Талдықорған қаласы

Талдықорған қаласы еліміздің оңтүстік шығысында орналасқан бұрынғы Алматы облысының (қазіргі Жетісу облысы) орталығы болып табылады.
Қаланың аты 1993 жылға дейін Талды-Қорған деп аталып келген. Көпшілік бұл қаланы «ең жасыл және өмір сүруге ең қолайлы қала» деп баға береді.
Алматы қаласынан 271 километр қашықтықта орналасқан Талдықорған қаласының аты айтып тұрғандай ағаш-талға өте бай қала. Қаланың қай жылы пайда болғанын нақты айту қиын архиологтардың зерттеуі кезінде қала маңында осыдан үш мың жыл бұрын өмір сүрген адамдардың сүйектері табылған деседі. Ал ресми ақпарат көздеріне сүйенер болсақ атаулы аймақта 1868-1869 жылдары «Гавриловка» селосы бой көтерген. Яғни Талдықорғанның бұрынғы атауы осы Гавриловка болған. 1920 жылы қала атауы Талды-Қорған болып өзгертілген.
Ал Талдықорған қаласына қала статусы 1944 жылы берілген. Жетісу Алатауының батысында Қаратал өзенінің жағалауында орналасқан Талдықорған қаласының жер аумағы 74 км2 ді құрайды. Ал климатын айтар болсақ қысы қоңыржай салқын, жазы ыстық және қуаң боп келеді.
Қысқаша айтқанда Талдықорған қаласы бүгінде етегін кеңге жайған, даму жолында алға қадам басып, өсіп-өркендеп келе жатқан облыс орталығы болып табылады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу