Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.09.2024
127
Талдықорған сен менің
Талдықорған сен менің,
Туған жерім, бағымсың.
Күн күлімдеп үн қатар,
Арайлы атар таңымсың!
Талдықорған сен менің,
Жарасымды санімсің.
Бұл жанымды тербейтін,
Шырқап айтар әнімсің!
Талдықорған сен менің,
Жайқалған гүл бағымсың.
Баға жетпес бағалым,
Хан сарайы, тағымсың!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter