Өлеңдер ✍️

  27.09.2024
  11


Автор: Талдықорған қаласы

Талдықорған қаласы

Талдықорған қаласы туған жерім,
Табиғаты, ауасы ең керемет.
Сырлы сазды мекенім Талдықорған,
Жүрем ылғи өзіңе мен еркелеп.

Талдықорған қаласы туған жерім,
Сендей қала барына мақтанамын.
Көктемімсің, жазымсың Талдықорған,
Бір өзің деп айтылар асқақ әнім.

Талдықорған қаласы туған жерім,
Көңілімнің табатын жарасымын.
Арайлы атар таңымсың Талдықорған,
Сыйлар бізге өмірдің бар асылын!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу