25.09.2024
115

Құтты болсын бүгінгі тойларыңыз!
Құтты болсын бүгінгі тойларыңыз,
Балаңыздың мұсылман атанғаны.
Жаратқаным сіздерге жар болсын тек,
Балаңыздың орындалып ақ арманы.
Құтты болсын бүгінгі тойларыңыз,
Биіктерге самғасын балаңыз бұл.
Қанаттары талмасын, тек қана алға,
Көңілін тек тербелеп ән менен жыр!
Құтты болсын бүгінгі тойларыңыз,
Балаңыздың аспаны ашық болсын.
Қуаныштар көп болып өмірінде,
Қиындықтар аулақта, қашық болсын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇