Шығармалар ✍️
Сүндет тойдың ғажабы
Қазағымның салт дәстүріне айналып үлгерген сүндет той қазіргі таңда үлкен үрдіске айналуда. Сүндетке отырғызу әрбір мұсылман баласына міндетті болса, сүндет тойды да баласы үшін жасап беру әрбір ата-анаға парыз болып келе жатқандай. Сүндет тойдың маңыздылығы сол, ұлым(ұлдарым) сүндетке отырды, мұсылман атанды деп алдын қонақасы беріп, құран оқытып жіберсе, кейіннен сүндет тойын ұлан асыр етіп жасап жататындар бар. Біреуге әжептеуір ақша болса, біреулер сүндет той үшін миллиондаған ақшаларын шашуда.
Қандай той болмасын қатты шашылып, ысырап етудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Дей тұрғанмен баласының қызықшылығы үшін деп шашылып жатқан ата-анаңның үміті ақталып жатса нұр үстіне нұр ғой, солай емес пе?!
Бұрынғы уақытта сүндет тойға шақырудың өзін сүндетелген баланың өзі шақыратын болған деседі. Екі жақтама қоржыны шашуы бар атқа мінген баланы алдымен нағашыларына жіберсе, содан кейін туған-туыстарына жіберген. Ал олар болса қоржындағы шашуды алып, орнына өздерінің көрімдік сый-сияпаттарын салып жіберіп отырған. Міне, осындай маңыздылыққа ие болған сүндет той бұрындары да, қазіргі уақытта да үлкен маңыздылыққа ие.
Қазіргі таңда тіпті қазақи үрдістегі салт-дәстүрлермен бастау алған сүндет тойларға әуесің келеді. Ияя, қалтаң қалың болса дүркіретіп сүндет той жасағанға не жетсін, шіркін! Той көп болсын! Тойда жолығайық!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter